Бос орындар

Қорытындыдан хабардар болу, командада қызмет ету қабілеттілігі, клиенттен хабардар болу — бұл біздің Компаниямызда қызмет еткісі келетін кандидаттардың ие болуға міндетті негізгі қабілеттіліктері.

Жұмыс жағдайлары:
Жұмыс графигі: 9:00-ден 18:00-ге дейін
Лауазымдық еңбекақы: еңбек шартына сәйкес жұмысқа қабылдау кезінде белгіленеді.
Жыл сайынғы еңбек демалысы: 28 күнтізбелік күн
Мүмкіншіліктер: Компания есебінен мамандықты көтеру.

Реквизиттер:
Тел.: 2377-505
E-mail: hr@kaztranscom.kz

 Ақпараттық технологиялар департаментінің инженері

Талаптар:

  • MS Windows, Linux серверлік операциялық бағдарламаларын, әкімші деңгейінде деректерді сақтаудың дисктік, таспалық жүйелерін білу;

  • SQL, PL/SQL, Oracle Database, виртуализация принциптерін және VMWare өнімдерін білу;

  • Деректерді тарату технологияларын және хаттамаларын түсіну;

  • Бағдарламалау, скрипттерді жазу дағдылары.

Міндеттері:

  • Аумақтық бөлінген 15 серверлерін және биллинг жүйесінің ДСЖ-ін басқару және қолдау;

  • Деректерді резервтік көшіруді бақылау және реттеу;

  • Деректерді жедел қалпына келтіру;

  • Серверлерге келіп түсетін деректердің ағымын бақылау;

  • БҚ-ды, жаңартуларды орнату, биллингтің және MS Windows пен Linux серверлік операциялық жүйелерінің қосымшаларын реттеу;

  • Биллинг жүйесінің жұмысындағы келелі мәселелерді жедел анықтау және жою.

 

Сату және қосуды қолдау департаментінің менеджері

Талаптар:

  • Жоғарғы техникалық білім;
  • Телекоммуникация нарығын білу, жерсеріктік (VSAT, SCPC), сымды (Ethernet, PDH, SDH, xDSL, MPLS, DWDM технологиялары) және сымсыз (2G/3G, WiMax, WiFi, РРЛ, транкингтік адио байланыс) құралдары мен байланыс жүйелерін білу, OSI моделін білу, TCP/IP хаттамалар стектерінің негіздерін білу, ЖЕЖ негіздерін білу, компьютерді еркін меңгеру, ағылшын тілін білу, тапсырыс беру мен байланыс жабдығын сатып алу және қызметтер үшін есеп айырысу тәртібін білу;
  • MS Оffice, Visio,  Internet-қосымшаларын білу;
  • Техникалық шешімдер мен конкурстық құжаттарды әзірлеу тәжірибесі;
  • Есеп берушілікті құру, қызметтік құжаттардың өтуін бақылау тәртібін білу;
  • Желілік технологиялар, деректерді және дауысты тарату саласындағы жалпы білімдер, стратегиялық концепцияларды талдау, әзірлеу және дәлелдеу ептілігі, телекоммуникациялық қызметтер нарығының ағымдағы жағдайын білу, сұраныс пен ұсыныстың өзгерістерінде хабардар болу, маркетинг принциптерін білу;
  • MS Оffice, Internet білу;
  • Тілекке сәйкестері: коммуникация саласындағы жетекші әлемдік компанияларында оқу курстарынан өту жөніндегі сертификаттардың бар болып табылуы: Cisco, Alcatel, Ericsson, Nortel Networks, HNS, ND SatCom, iDirect, RAD, Iskratel, Alvarion.
  • Жеке қасиеттері: Іске деген кәсіби қатынас және тәртіп, аналитикалық қабілеттер, жауапкершілік, тез тіл табысу, ынталылық, жетекшілік астында және өз бетімен командада жұмыс істеу ептілігі, оқуға деген ықылас пен қабілеттілік, дау-жанжал жағдайларды шешу ептілігі.

Міндеттері:

  • Бас офистің техникалық блогы бөлімшелерімен және Қоғам филиалдарымен өзара әрекеттесу кезінде Қоғамның бар болып табылатын желісінде жаңа клиенттерді қосуға арналған техниалық шешімдерді әзірлеу.
  • Конкурстық құжаттаманың техникалық бөлігін дайындау, графиктер мен уақытша кестелерді әзірлеу.
  • Бар болып табылатын телекоммуникациялық қызметтер мен технологиялардың түрлері бойынша Қоғамның потенциалды клиенттеріне арналған алғашқы таныстыруларын, семинарлары мен конференцияларын дайындау және өткізуге  қатысу. 
  • Телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін әзірлеуге бірлесіп қатысу. Телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін құруға арналған жабдықтың құны бойынша деректерді ұсыну.
  • Кеңес беруді жүргізу және Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, жаңа технологиялар бойынша оқыту курстарын, семинарларын және конференцияларын дайындау және өткізуге қатысу.

 

 

 

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.