Каналдарды жалға беру

Мөлдір бөлінген каналдар

Мөлдір бөлінген каналдар кез келген хаттамалардың пайдалануымен деректерді тарату ортасы болып табылады және бір бірінен аймақтық алыстатылған объектілердің желілерін жоғарғы өткізгіштік қабілеттілігімен біріктіруді орындауға мүмкіндік береді. Трафиктің кез келген түрінің таратылуы мүмкін: мәліметтер, дауыс, бейнеақпарат. KazTransCom бүкіл Дүниежүзі бойынша мөлдір каналдарды ұйымдастыру қызметін ұсынады.

IP VPN виртуалды жеке желілері

IP VPN виртуалды жеке желілері (Layer 2, Layer 3) — бұл қала ішінде, елді мекендерде облыс ішінде, Қазақстан Республикасының барлық аймағында және шетелде объектілердің немесе серіктес-компаниялардың желілерін өзара байланыстыруға мүмкіндік беретін қорғалған желілерді ұйымдастыру қызметі.

IP/MPLS технологиясында құрылған қорғалған желілерді ұйымдастыру қызметі шарттық параметрлері мен ережелердің сақталуымен клиенттің объектілерінің арасында өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін қорғалған ортақ магистральді (backbone) ұсынудан тұрады.

MPLS технологиясының мүмкіндіктері IP VPN желісіне икемді және көп функционалды болуға мүмкіндік береді. Виртуалды жеке желіде кез келген топология едәуір шығынсыз (жалға алумен және, сөзсіз, каналдарды салумен салыстырғанда) жүзеге асырылады – «жұлдыз»-дан «әрбіреуі әрбіреумен»-ге дейін. Желіде IP-хаттаманы қолдайтын кез келген жүйелер әрекет етеді – яғни бар болып табылатын қосымшалардың басым көпшілігі. Мұндайда IP VPN-да көпшілік желілеріне қарағанда байланыс сапасының параметрлері кепілдендіріледі (Quality of Service).

Деректерді жеткізудің жерсеріктік каналдары

«KazTransCom» АҚ байланыс операторларына талап етілген Star немесе Mesh топологиясымен және Қазақстан Республикасының барлық аймағында өткізгіштік қабілеттілігімен жерсеріктік каналдарын ұсынады.

iDirect, Sky Edge II және басқа желілерінде қолданылатын технологиялар тапсырыс берушінің кез келген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«KazTransCom» АҚ қызметтерінің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарына келесілер жатады:

  • «KazTransCom» АҚ-ның байланыс операторларға қызмет көрсетудегі көпжылдық тәжірибесі;
  • Дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымы мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша филиалдық желісі;
  • техникалық және ақпараттық қолдаудан тұратын мамандандырылған қызмет көрсету;
  • жерсеріктік жабдықты сату немесе жалға алуға ұсыну мүмкіндігі;
  • жетекші өндірушілердің қазіргі заманғы жабдығы байланыстың тұрақтылығын, сенімділігін және жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді;
  • экономикалық тартымдылығы.

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.