Транкингтік байланыс қызметі

Әдеттегі ұялы байланыспен қатар кәсіби ұтқыр радиобайланыс жүйелері бар, былай айтқанда, транкингтік жылжымалы байланыс жүйелері. Транкингтік байланыс қызмет түрі бойынша кәсіби сенімді радиобайланыс қажет болған мемлекеттік және коммерциялық сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары үшін ауыстырғысыз болып табылады.

Транкингтік жылжымалы байланыс — ультрақысқа толқындар диапазонын қолданатын екіжақты жылжымалы радиобайланыс жүйесі. Іс жүзінде жүйе ұялы жүйеге ұқсас құрылған: пайдаланушы терминалдары мен базалық станциялар (БС), байланыс ұзақтығын арттыруға арналған жабдық — станция жұмысын басқаратын ретрансляторлар менконтроллерлер ретрансляторлардың арналарын өңдейді (оларды коммутациялайды) және қалалық телефон желісіне шығуын қамтамасыз етеді. Транкинг желілері біраймақтық (бір БС-лы болуы) немесе көпаймақтық (бірнеше БС) болуы мүмкін.

Транкингтік байланыс жүйесі мынадай функцияларды қолдайды:

  • алдын ала берілуі мүмкін абоненттер тобы ішінде тез байланысты (0,2-0,5 сек) жүзеге асыру;
  • байланыс сеансы барысында топтар қатысушыларын қайта бөлу мүмкіндігі;
  • шақырулар басымдықтарының жүйесі.
  • тіпті базалық станцияның істен шығуы барысында байланыстың сақталуы;
  • желі абоненттеріне  кең таратылатын сигналды жіберу;
  • желіні тез қайта конфигурациялау мүмкіндігі.

Транкингтік радиобайланыс құндылығы — бұл жиілік ресурсын үнемдеу, іс жүзінде қосылыстардың тез орнатылуы, абоненттер топтарының автономды жұмыс істеу және қажет болғанда олардың бір топқа бірігу мүмкіндігі, түрлі шақырулар түрлерін қолдау, деректер жіберу, АТС-на шығу.

Қазіргі уақытта жылжымалы радиобайланыстың транкингтік жүйелері кәсіби мәселелердің тар көлемін шешу үшін кең қолданылады және оны ТЖМ, күзет агенттіктері таксомоторлық компаниялар сияқты ұйымдар және т.б. таңдайды.

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.