Телефон байланысы

KazTransCom сапалы дәстүрлі телефон байланысы қызметтерін және жалпы пайдалану желісінде тіркелген телефон нөмірлерінің кең ауқымын ұсынады. Бүгінгі таңда қызмет көрсету Астана, Алматы, Атырау, Күлсары, Вахтовый, Қарабатан, Теңіз (Атырау обл-ы), Ақтау, Жаңа Өзен, Баутино, Қаламқас, Қаражамбас, Бейнеу, Форт-Шевченко (Маңғыстау обл-ы), Ақтөбе, Орал, Ақсай (Батыс Қазақстан облысы), Павлодар, Қарағанды, Шымкент қалаларында мүмкін болып отыр.

Телефон байланысы қызметтеріне мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдарға дүниежүзілік стандарттарға сай келетін телекоммуникациялық сервис және қолайлы тарифтер ұсынылады.

KazTransCom желісінің телефон нөмірлерін қолдану жалпы пайдалану желісіне қолжетімдігі бар барлық телефон операторларының абоненттерімен сенімді дауыстық және факсимилдік байланысты қамтамасыз етеді.

KazTransCom желісі абоненттеріне мына қызметтер — жоғары деңгейдегі және кепілді сапамен дәстүрлі телефония қызметтерінің барлық түрлері ұсынылады. Ең заманауи телекоммуникациялық технологияларды, соның ішінде жерсеріктік технологияларды да қолдану арқасында желі Қазақстан Республикасының іс жүзінде кез келген жерінде ұйымдастырыла алады.

Қызмет көрсету бойынша техникалық шешім:

Офистің орналасқан жері және KazTransCom операторының торабынан қашықтығы, клиент офисі мен оператор торабы арасында сымдық қосылатын желілерді салу мүмкіндігі, қосылатын желілерді ұйымдастыру мерзімдері сияқты көптеген факторларға байланысты қызмет келесі технологиялардың қолданылуымен көрсетілуі мүмкін:

  • Қос сымдық абоненттік желілер.
  • WLL (Wireless Local Loop) технологиясы.
  • Жер серіктік жүйелер

Қызмет көрсетілу үшін клиентте аналогтық телефон аппараты (факс) және/ немесе қалалық желілердің аналогтық порттары бар офистік телефон станциясы (СО, Е&M) бар болуы қажет.

ТЖПЖ-не қолжеткізуге арналған сандық ағын

Сандық телефон байланысы қызметтері кәсіпорындар мен ұйымдарға офистік АТС-мен қосылу үшін ұсынылады. Қызметтерді пайдаланушы бола алатын кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарға сандық телефон байланысының жоғары сапасына және сенімділігіне кепілдік беріледі.

KazTransCom желісінің телефон нөмірлерін қолдану жалпы пайдалану желісіне қолжетімдігі бар іс жүзінде барлық телефон операторларының абоненттерімен сенімді дауыстық және факсимилдік байланысты қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсету бойынша техникалық шешім:

Офистің орналасқан жері және KazTransCom операторының торабынан қашықтығы, клиент офисі мен оператор торабы арасында сымдық қосылатын желілерді салу мүмкіндігі, қосылатын желілерді ұйымдастыру мерзімдері сияқты көптеген факторларға байланысты қызмет келесі технологиялардың қолданылуымен көрсетілуі мүмкін:

  • Мыс желілер, xDSL технологиясы.
  • Талшықты-оптикалық желілер.
  • WLL (Wireless Local Loop) технологиясы.
  • Радиорелелік желілер.
  • Жер серіктік жүйелер.

Қызмет көрсетілу үшін клиентте қалалық желілердің сандық порттары бар (G.703 интерфейсі) офистік телефон станциясы бар болуы қажет.

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.