P-ONE

P-ONE — бұл шағын қораптық шешім (IP-шлюз) және Интернет желісіне қолжеткізу көмегімен жер шарының кез келген жерінен Сіз таңдаған қалада тікелей қалалық нөмір арқылы Сізге виртуалды бар болу әсерін құруға мүмкіндік беретін KazTransCom-ның жаңа бірегей қызметі.

P-ONE-ды таңдау артықшылықтары

  • Таңдаған қалада виртуалды бар болу әсерін алу;
  • Қалааралық және халықаралық сөйлесулерде үнемдеу (Сіз қайда болсаңыз да қоңыраулар қалалық қоңыраулардай тарифтенеді);
  • Ақысыз кіріс қоңыраулар;
  • Қайта адрестеуді орнату қажеттілігі, сонымен қатар, роумингті қосу қажеттілігі жоқ;
  • «Тікелей телефон нөмірі»-нде қала коды да, ел коды да жоқ;
  • Клиенттің  «P-ONE» қызметі нөмірін таңдау мүмкіндігі;
  • «Тікелей қалалық нөмір»-дің қосымша артықшылықтарымен алты немесе жеті таңбалы қалалық нөмірді тез және ыңғайлы алу;
  • Географиялық тұрған орнына байланбаған тұрақты нөмір.

P-ONE қызметі кімдерге тиімді?

  • Заңды тұлғалар
  • жеке кәсіпкерлер
  • компания басшылары
  • іссапарларда жиі болатын «мобильді қызметкерлер»
  • Жеке тұлғалар
  • шетелде оқып жатқандар
  • ел сыртына жиі шығатындар
  • ұзақ іссапарларда болатындар
  • басқа қалада уақытша тұрып жатқандар немесе жұмыс істеп жатқандар

«P-ONE» қызметінің клиенті үшін кіріс қалалық қоңыраулар ақысыз, сонымен қатар, шығыс қоңыраулар да ақысыз, өйткені олар нөмір тіркелген қала үшін «жергілікті» болып табылады. Сіз тек қана абоненттік төлемді төлейсіз.

Қызмет көрсету бойынша техникалық шешім:

Клиентке Алматы, Ақтау, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Орал, Шымкент қалаларында АҚТС-нда (МӨТС) тіркелген алты таңбалы немесе жеті таңбалы ТЖПЖ нөмірі ұсынылады.

Клиент нөмірі тіркелген қаладан ТЖПЖ нөмірінен қоңырау шалған абоненттер үшін Тікелей телефон нөмірі»-нде қала коды да, ел коды да жоқ, шығыс қоңырау ақысыз болады. Бұның өзінде нөмір иесі Интернет желісіне қолжетімдік бар болған жер шарының кез келген жерінде болуы мүмкін, «жергілікті» қоңыраулар соғуды (оның «P-ONE»-ы тіркелген қаланың ТЖПЖ абоненттеріне қоңырау соғуға) жүзеге асыра алады және қоңырауларға жауап бере алады.

Қлиенттің ақырғы құрылғысы дауыстық IP-шлюз (аналогты телефон аппаратымен қолданылатын), IP-телефон немесе дербес компьютерде (ноутбукте), ұялы телефонда, смартфонда, коммуникаторда орнатылған бағдарламалық телефон (Softphone) болуы мүмкін.

Қосу үшін төлеу шарттары, есеп айырысу тәртібі және ай сайынғы төлемдер «KazTransCom» АҚ-мен жасасқан үлгілік шарт негізінде жүзеге асырылады.

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.