Бөлінген мөлдір арналар

Мөлдір бөлінген арналар кез келген хаттамалардың қолданылуы бар деректер жіберу ортасы болып табылады және клиенттің бір-бірінен аумақтық алыстағы офистерінің желілерін жоғары өткізгіштік қабілетпен біріктіру мүмкіндігін береді.

Мөлдір бөлінген арналарды ұйымдастыру Е1 стандарты (G.703 интерфейсі) бойынша, Ethernet немесе STM (арнаның жоғары өткізгіштік қабілетінің болуы барысында) бойынша мүмкін болып табылады.

Трафиктің кез келген түрін жіберу мүмкіндігі бар: деректер, дауыс, бейнеақпарат.

KazTransCom мөлдір арналарды ұйымдастыру қызметін екі санатта ұсынады:

  • бір елді мекен шеңберінде арналарды жалға беру.
  • Қазақстан Республикасы шеңберінде түрлі елді мекендерді қосатын арналарды жалға беру

Қызмет ұсыну бойынша техникалық шешім

Осы қызметті көрсету аясында «соңғы миль» ұйымдастыру технологиясының біреуі немесе бірнешеуі қолданылуы, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың барлығы да қолданылуы мүмкін. Бұл ретте клиент жабдығы бас офис пен филиалдардың жергілікті желілерінің бағдарғылауышы (арна құрайтын жабдықтың мүмкін болар қосылу интерфейстері: RS-232, RS-530, V.35, Ethernet 10/100 Мбит/с және т.б.) және қала желілерінің сандық порттары бар офистік телефон станциялары

Клиенттің бас офисі мен филиалдарының орналасқан жері, клиент офистерінің «KazTransCom» АҚ-ның тораптарынан алыстығы, клиенттің офистері мен оператордың тораптары арасында қосатын желілерді салу мүмкіндігі, қосатын желілерді ұйымдастыру мерзімдері сияқты қызмет көрсету шарттарына байланысты осы қызмет клиентке келесі технологиялардың қолданылуымен ұсынылуы мүмкін:

  • SHDSL технологиясы
  • талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ)
  • радио релелік желілер
  • жерсеріктік жүйелер (бөлінген арналарды SCPC Paradise модемдерінің негізінде, FaraWay жабдығының негізінде ұйымдастыруға болады)

Бәсекелестік артықшылықтары

  • техникалық және ақпараттық қолдауды қосатын білікті қызмет көрсету
  • клиент жабдығын іске асыру немесе жалға беру мүмкіндігі
  • магистралды деректер жіберу арналарын резервтеу
  • жоғары жылдамдығы бар жердегі және жерсеріктік деректер жіберу арналары желісінде негізделген жетекші өндірушілердің заманауи жабдығы байланыстың тұрақтылығын, сенімділігін және жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.