ON-OFFICE

«ON-OFFICE» — бұл ноутбуктың, смартфонның, қалталық ДК-дің, кез келген ұтқыр құрылғылардың, коммуникаторлардың қолданылуымен Интернет желісі арқылы немесе клиентке ең жақын байланыс операторының ұтқыр желісі арқылы корпоративтік ақпаратпен қашықтан және бірлесіп жұмыс істеу шешімдерінің толық кешені. Шешімдер бірыңғай интерфейс арқылы қолжетімді. Барлық мүмкіндіктер бірыңғай бағдарламаға толығымен біріктірілген.

Компанияның бизнес-қосымшаларына қашықтан ұтқыр қолжетімдік:

  • Құжаттарды сақтау порталдары (деректер базалары);
  • Электронды құжатайналым, жобаларды басқару;
  • Бизнес-кластың электронды поштасы;
  • Жеткізулер мен логистика тізбегін басқару жүйелері;
  • CRM базасында клиенттермен қарым-қатынастарды басқару;
  • Бухгалтерлік және басқарушылық есеп;
  • Корпоративтік форумдар, блогтар;
  • Деректер жіберу, дауыстық және бейне қоңыраулар, веб-конференциялар.

«ON-OFFICE» — бұл ішкікорпоративтік коммуникациялар мен бірлескен жұмыстарға арналған қосымша құралдар жиынтығы. Жемісті бизнес тиімді коммуникацияларда құрылған және, компаниялар бүгінгі күні өз әріптестерімен, серіктестерімен және клиенттерімен байланысу және әрекеттесу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп амалдарды қолдана алады.

Бизнес-байланыс мүмкіндіктері сөйлеу мен деректерді жіберудің қарапайым қызметтері шеңберінен асады. Компаниялар қызметкерлері бірнеше байланыс арналарын қолданады. Сөйлеу қызметтері, электронды поштаның интеграциялануы, ұтқырлық және бар болуды бақылау, сонымен қатар, серіктестермен интербелсенді хат алмасу (чат) бойынша және бірлескен жұмыс бойынша әрекеттесу мүмкіндігі кез келген жұмыс ортасы үшін шұғыл қажеттілікке айналды.

Қазіргі уақытта корпоративтік ақпаратқа – құжаттарға, байланыстарға, міндеттерге, әр қызметкердің тұрған жері туралы және оның кестесі туралы мәліметтерге, әр клиентпен сөйлесулердің мәртебесі туралы және т.б. қолжеткізу өте қиын.

Бұл ақпараттың барлығын кез келген уақытта қызметкерлер жұмыс үшін пайдаланатын әр құрылғыға, олардың орналасқан жеріне байланыссыз, алу маңызды.

Артықшылықтары:

  • Корпоративтік деректер базасымен, файлдық ресурстармен қашықтан жұмыс істеудің жоғарғы қауіпсіздігі, деректер жіберу пакеттерін шифрлау есебінен бөлінген VPN-туннелі бойынша Интернет желісіне қолжеткізу
  • Қосылу және пайдалану ыңғайлылығы — іс жүзінде кез келген ұтқыр құрылғыдан: ноутбуктан, планшеттік компьютерден, смартфоннан.
  • Деректерді жіберумен қатар дауыс жіберуді де ұсыну.
  • Сіздің қызметкерлеріңіз пайдаланатын ресурстарға қолжеткізуді толығымен бақылау.
  • Сіздің корпоративтік желіңіздің деректерін кепілді қорғау: провайдер жабдығының корпоративтік желіге қолжетімдігі болмайды, ол тек қорғалған режімде клиент сұранымдарын трансляциялайды, немесе қажеттілік барысында, клиент контентін web-форматта бейнелеп көрсетеді.
  • Ағымдағы сәтте ең тиімді әдіспен офистен тыс байланыста болу мүмкіндігі бар Сіздің қызметкерлеріңіздің жұмыс тиімділігін арттыру: электронды хат немесе жедел мәтіндік хабарлама жіберу, телефон арқылы байланысу немесе бейнеконференция ұйымдастыру.
  • Сіздің ресурстарыңызды оларды өнімді пайдалану есебінен үнемдеу.

ON OFFICE қызметіне қосылу пайдасы:

Үнемділік

ON-OFFICE өнімділікті арттыруға, орындарда коммуникациялар мен әрекеттестікті IT-ға қосымша шығындарсыз жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұтқырлық және қолжетімдік

Пайдаланушы нақты уақыт режімінде кез келген жерден Интернет немесе ең жақын байланыс операторының ұтқыр желісі арқылы қажетті корпоративтік ақпаратпен жұмыс істеу үшін корпоративтік желі ресурстарына тұрақты қорғалған қашықтан қолжеткізуді ноутбуктан, қалталық ДК-ден, ұтқыр телефоннан және басқа да құрылғылардан алады. Былай айтқанда, офистен тыс бола тұра, Сіз және Сіздің қызметкерлеріңіз жұмыс орнында қандай мүмкіндіктер бар дәл сол мүмкіндіктерді аласыздар — электронды хат алмасуға, деректер базасын және ақпараттық жүйелерді қолдануға қолжеткізуді, мекенжай кітапшасын, дербес деректерді, күнтізбені синхрондауды.

Осылайша жұмыс орнында Сіздің виртуалды бар болуыңыз қамтамасыз етіледі, Сіз компанияның ағымдағы барлық оқиғаларынан әрдайым хабардар боласыз, жедел шешім қабылдай аласыз, ары қарайғы жұмысты жоспарлай аласыз, былай айтқанда, өзіңіздің орналасқан жеріңізден байланыссыз бизнес-процесстерде толықтай қатыса аласыз.

Сіз өз әріптестеріңіздің бар болу және бос болмау мәртебесін әрдайым көре аласыз, сонымен қатар, мәртебеге байланысты ең тиімді байланыс әдісін таңдай аласыз — жедел мәтіндік хабарлама, бір компьютерден екінші компьютерге дауыстық немесе бейне-қоңырау шалу.

Жұмыстағы ыңғайлылық кепілі жұмыста қарапайым және пайдаланушыға түсінікті интерфейсі бар қосымшаларды пайдалану болып табылады.

Тиімділігі

ON-OFFICE жаңа қызметінің көмегімен Сіз өз қызметкерлеріңіздің жұмыс орындары мен уақытын тиімді пайдалана аласыз, Өз компанияңыздың ақшалай шығындарын үнемдей аласыз. Сіз және Сіздің қызметкерлеріңіз кез келген жерде және кез келген уақытта жедел шешімдерді қабылдай аласыздар.

Қауіпсіздігі

Маңызды жағдайдың бірі, компанияңыздың барлық корпоративтік ақпараты деректер жіберуді толық бақылау мүмкіндігі бар қорғалған қосылыс бойынша жіберілетіндігі болып табылады.

ON-OFFICE қызметіне қалай қосылуға болады?

 «ON-OFFICE» қызметіне қосылу үшін Сіз KazTransCom компаниясының абоненттік бөлімдерінің біріне баруыңыз және қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартты жасасуыңыз керек (бұдан әрі — Шарт).

Шарт жасасу үшін келесілерді ұсыну қажет:

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесін
  • Заңды тұлғаның Салық төлеуші куәлігінің көшірмесін СТТН/БСН (бар болған жағдайда)
  • Заңды тұлға ҚҚС-н төлеуші болып табылған жағдайда, Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік көшірмесін
  • Уәкілетті тұлғаның қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған толтырылған тіркеу нысанын

Обратная связь

Текст

Имя Фамилия

Ваш e-mail

Рақмет, Сіздің хабарыңыз жіберілді.